Көңіл-күй сыйлау: "Мен туралы бәрі"
КМҚК “№174 бөбекжай-балабақшасы”.
Педагог-психолог: Алханова А.Т.
Тақырыбы: “Мен туралы бәрі” - “Бала эмоциясын түсініп, қолдау жолдары”
1. Эмоцияны қабылдау
Бала қандай көңіл-күйде екенін сөзбен жеткізе алады: «қорқып тұрмын», «қуаныштымын».
«Сен қуанған сияқтысың!» деп сезімін атаңыз — бала өзін түсінгендей болады.
Эмоцияны жоққа шығармау: «Қорқып тұрсың ба?» деп қабылдаңыз, «қорықпа» деп айтпау керек.
2. Эмоцияны білдіру жолдарын үйрету
Сурет салу, мүсін жасау, ойын арқылы сезімін білдіруге мүмкіндік беріңіз.
Рөлдік ойындар мен қуанышты/қорқынышты сәттерді сахналау балаға эмоцияны жеңіл қабылдауға көмектеседі.
Музыка немесе би арқылы эмоцияны білдіруге болады: көңілді әуенмен қуанышын көрсету, жай әуенмен тынышталу.
3. Тыңдау және сөйлесу
«Не болды?» деп ашық сұрақ қойыңыз.
Шағымына немесе қуанышын бөліскеніне жылы қабылдаумен жауап беріңіз.
Бала әңгімесін бөлмей, көзіне қарап тыңдау — сенімділікті арттырады.
4. Қолдау көрсету
Қолдау, құшақтау, жылы сөз балаға қауіпсіздік сезімін береді.«Сенің сезімің маңызды», «Мен саған көмектесемін» деген сөздерді қолданыңыз.
Бала өз эмоциясын реттей алмай қалған сәтте тыныш, сабырлы болыңыз, эмоциясын атаңыз: «Сен ашуланып тұрсың, бірге тынышталайық».
5. Күнделікті қалыптастыру
Балаға эмоциясын білдіруге тұрақты уақыт бөліңіз: күнделікті әңгіме, сурет салу, ойын арқылы.
«Күнделік эмоциялар» сынды кішкентай дәптер немесе сурет арқылы өз сезімін көрсетуге мүмкіндік жасаңыз.
Бала өз эмоциясын түсінуі — сенімді, ашық және бақытты тұлға қалыптастырудың негізі.
6. Әрбір эмоцияға нақты әдіс
Қуаныш: бөлісуді үйрету, рахмет айту.
Қорқыныш: тыныс алу жаттығуы, сүйікті ойыншықпен тынышталу.
Ашу: қағазға сурет салу, қауіпсіз қозғалыс арқылы шығару (секіру, доп лақтыру).
Қайғы: сөйлесу, жылы сөз, құшақтау, сүйікті затқа сүйену.
7. Эмоциялық дағдыларды дамыту
Балаға эмоцияларын атауға, сезінуге, бөлісуге жағдай жасаңыз.
Кішкентай жетістіктерін атап өтіп, мақтаңыз: «Сен ашуланғаныңды айттың, керемет!»
Эмоцияларды түсіну арқылы бала әлеуметтік дағдыларды да үйренеді: кезек күтуді, бөлісуді, өз сезімін басқаруды.