18
май
2020
БАЛАБАҚШАДА ТӘРБИЕЛЕНУШІ БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Тәрбиеші — балабақшаны бақша деп алып, келген бала гүл болса, онда ол сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан. Гүліміз бала, бағбанымыз тәрбиеші. Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Топтағы әрбір бала бір ашылмаған сыр, құпия. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам болса, екінші бала баяу, барлық нәрсені байыппен жасағанды жақсы көретін келеді. Ал үшінші бала болса өзімен-өзі отырғанды жаны сүйетін болып келеді. Оқу- инемен құдық қазғандай десе, тәрбие де инемен құдық қазғандай деп айтуға болады. Себебі жоғары да айтып өткендей әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші ол- ғалым болып саналмайды ма? Сол үшін тәрбиші әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнап, бала болып күлу ол оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс. БҮЛДІРШІНДЕРІМІЗ АМАН БОЛСЫН!!!