09
февраль
2026
Тақырыбы: "Балабақшадағы бір күнім"
КМҚК "№174 бөбекжай-балабақшасы".
Тақырыбы:«Балабақшадағы бір күнім»
Әдіскер: Алханова А.Т.Жас ерекшелігі:3–5 жас
Мақсаты: Баланың балабақшадағы күн тәртібі туралы түсінігін қалыптастыру,үй жағдайында балабақша өміріне бейімдеу,сөйлеу, қиялдау және өзін-өзі күту дағдыларын дамыту.
Міндеттері:Балабақшадағы күн тәртібімен таныстыру. Сөздік қорын байыту, Қарапайым әңгіме құрауға үйрету. Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Тәртіп пен тазалыққа баулу.
Күн тәртібі бойынша іс-әрекеттер
1. Таңертеңгі сәт
Әңгіме:– Балабақшада таңертең не істейміз?
– Балалар қалай амандасады?
Ойын:
«Сәлемдесу» ойыны (қуыршақпен немесе отбасы мүшелерімен)
2. Таңғы жаттығу
Қарапайым қимылды жаттығулар(қол көтеру, секіру, иілу)
Көңілді музыка қосуға болады
3.Тілдамыту:
– «Балабақшада не істейміз?».
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.
Шығармашылық жұмыс:– «Балабақша» тақырыбында сурет салу.
– Ермексаздан ойыншық жасау.
4. Ойын уақыты:
Сюжеттік-рөлдік ойын:«Балабақша»
(тәрбиеші, бала, аспаз, дәрігер).
5. Тамақтану
Әңгіме:– Балабақшада қалай тамақтанамыз?
– Дастархан басындағы тәртіп.
6. Демалыс сәті
Қысқа тынығу.Ертегі оқу немесе тыныш әуен тыңдау.
7. Қорытынды әңгіме
Сұрақтар:– Балабақшадағы бір күнің қалай өтті?
– Саған не ұнады?